-A A +A

Жаңалықтар

Зияткерлік меншікті қорғау саласына қатысты кәсіпкерлерге арналған семинар өткізілді

13 желтоқсан күні Зияткерлік меншік құқықығын қорғау саласындағы Заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында Катонқарағай аудандық әділет басқармасымен аудандық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, аудан орталығында қызмет атқаратын жеке кәсіпкерлерге арналған «Зияткерлік меншікті қорғау саласына қатысты кәсіпкерлер қандай ақпаратты білуі керек?» атты семинар-кеңес өткізілді.

Дөңгелек үстел өткізілді

12 желтоқсанда Үржар аудандық әділет  басқармасының қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы –Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Үржар аудандық бөлімшесінің қызметкерлерінің қатысуымен «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.

«Тауар белгілерін қолданудың құқықтық негізі» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды

12 желтоқсан күні  Катонқарағай аудандық әділет басқармасымен «Тауар белгілерін қолданудың құқықтық негізі» тақырыбында Катонқарағай ауылдық округінде қызмет атқаратын кәсіпкерлермен семинар-кеңес өткізілді.

Күн тәртібіндегі меселелер бойынша қатысушыларға тауар таңбалары саласындағы заңнаманың нормалары, тауар таңбасының функциялары, тауар таңбаларының түрлері. Ұжымдық тауар таңбалары. Сертификатталған таңбалар. Тауар таңбалары ретінде тіркелетін белгілеріне құқықтардың туындауы туралы түсінік берілді.

«Мәңгілік Ел» құндылықтарын ілгерлетуді іске асыру

12 желтоқсанда Өскемен қалалық әділет басқармасында «Ай Ханым», «Шығыс Авто» ЖШС-терінің өкілдерінің қатысуымен «100 Нақты қадам- Ұлттық Жоспары» реформаларын, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ілгерлетуді іске асыруды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Отырыс барысында Ұлттық Жоспардың реформалары, оның ішінде- индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік реформалары, сондай- ақ  төртінші реформа бойынша «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі талқылады.    

Үржар аудандық әділет басқармасымен семинар өткізілді

11 желтоқсан күні Үржар аудандық  Әділет басқармасының қызметкерлері  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Үржар аудандық бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен заңды тұлғаларды тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша семинар өткізді. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кездесу өтті

12 желтоқсанда Катонқарағай аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елбасы және Тәуелсіздік» тақырыбында Катонқарағай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Дөңгелек үстел өткізілді

Желтоқсан айының 11 күні Зырян аудандық әділет басқармасымен жеке тәжірибелі заңгердің қатысуымен халыққа заң көмегін көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне заң көмегін көрсету мәселелері бойынша енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы» және «Заң көмегі туралы» ҚР Заң жобаларының тұжырымдамасын талқылау болып табылады.   

Үйлестіру кеңесінің жұмысы қорытындыланды

Шығыс Қазақстан облысы әділет органдарының Үйлестіру кеңесі 12 желтоқсанында өзінің кезекті отырысында ауқымды мәселелерді талқылап, 2017 жылды қорытындылады.

Отырыс барысында Қазақстан бағалаушылар Ассоциациясының ШҚО Палатасының төрайымы Татьяна Колтунова «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер бойынша бағалаушылардың құқығының бұзылғандығы туралы мәселелерді көтерді. Аталған сұрақ  кеңес мүшелерімен талқыланып, ұсыныстарды ҚР Әділет министрлігіне жолдау туралы шешім қабылданды.

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстан позициясын көтеру бойынша халықпен кездесу

11 желтоқсанда Катонқарағай аудандық әділет  басқармасымен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстан позициясын одан әрі көтеру мақсатында Жамбыл ауылдық округіне шығып, «Қатысушылар құрамының, атауының өзгеруі себебі, заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Шараға округ көлеміндегі шаруашылық серіктестіктері өкілдері, Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Рухани жаңғыру - ғылыми-практикалық конференциясы

Желтоқсан айының 8 күні Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің бас маманы  Сымбат Кенесбаеваның қатысуымен Шығыс Қазақстан облыстық сотының ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылып, өткізілді.

Конференцияның мақсаты - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру.

Тәуелсіздік күні – ерекше күн

Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында  Глубокое  аудандық  әділет басқармасы осы мерекенің маңызы мен Қазақстанның тарихындағы орны туралы үлкен құқықтық-ақпараттық жұмысын жүргізуде.

Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, Әділет басқармасымен  аудандық  ақпараттық-насихат тобы  ауылдық аймақтарға барып, ондағы азаматтарға, 16 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – мемлекеттің басты мерекесі екені туралы түсіндірілді.

2017 жылдың 11 ай жұмысының қорытындысын талқылады

 

Желтоқсан айының 8 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Ерлан Дауылбаевтың төрағалығымен кезекті алқа отырысы өткізілді, онда ағымдағы жылдың 11 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтің қорытындысы талқыланды. 

Баяндамамен жетекшілік ететін бағыттары бойынша басшының орынбасарлары қала және аудан басқармаларымен атқарылған жұмыстардың дұрыс және бұрыс кездеріне қорытынды талдау жүргізді. 

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында азаматтарды қабылдау

Желтоқсан айының 7 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары  Ғалым Табановпен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Даулет Шайыхов және Шығыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы" филиалының төрағасы Даурен Сарсембаевпен бірлескен азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізілді.

Аудан әкімдігінің отырысы өтті

Желтоқсан айының 6 күні  Қабанбай ауылының Мәдениет үйінде  аудан  әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалығымен Тарбағатай ауданының әкімдігінің отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіне «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»  Заң жобасының негізгі ережелерін талқылау  енгізілген.

Отырысқа ауылдық округтың әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау   органдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңын түсіндіру мақсатында Ақжал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді

Жарма  аудандық  әділет  басқармасының басшысы Темирлан Ахметовпен 6 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлық қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Жарма аудандық бөлімінің жедел тобымен бірлесіп  «Мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында, Ақжал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңының талаптарын сақтауы.

Беттер