-A A +A

1-ші жарты жылдықтың қорытындысы шығарылды

Шілде айының 12 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде әділет департаменті басшысы Ерлан Дауылбаевтың төрағалығымен 2017 жылдың 1-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша алқа мәжілісінің отырысы өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінің 1-ші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар қорытындысы және 2-ші жартыжылдыққа жоспарланған тапсырмалар туралы» басшы орынбасарлары баяндама жасады.

Қызметтің негізгі бағыттары бойынша қорытындылар жасалды және негізгі тапсырмалар белгіленді.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша әділет органдарына жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және жалпы жұмыс сапасын жақсарту бойынша басшының орынбасарларына және аумақтық бөлімдердің аға сот орындаушыларына тапсырмалар берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі