-A A +A

2017-2022 жылдарға арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы түсіндіру бойынша дөңгелек үстел

8 қаңтарда Бесқарағай аудандық әділет басқармасы адвокаттар, нотариустар және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен «2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс - шараның мақсаты тұжырымдаманың талаптарын түсіндіру, құқықтық мінез-құлықпен және азаматтық белсенділікпен ерекшеленетін қоғамның және азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, азаматтарды қолданыстағы құқық, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері туралы біліммен қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында әділет басқармасының басшысы Гульмира Мирашева өз сөзінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету керек деді.

Әділет басқармасының мамандары қатысушылармен туындаған өзекті мәселелерді талқылап, назарға алды. Жеке жағдайлар бойынша қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан толықтай түсініктемелер берілді.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі