-A A +A

«Адал Транском» ЖШС-де семинар

Қаңтар айының 11 күні Семей қалалық әділет басқармасы Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заң жобасын түсіндіру бойынша «Адал Транском» ЖШС-нің қызметкерлеріне семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заң жобасын түсіндіру.

Іс-шара барысында бас маман Сырым Елубаев бағалау қызметі саласындағы функцияларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беруді, бағалаушылар палатасының өз мүшелерінің қызметін,  стандарттары мен қағидаларының талаптарын сақтауы бөлігінде бақылауды жүзеге асыруды, бағалаушылар палатасына мүшелік шарттарын, тексеру жүргізудің негіздерін түсіндірді.

Соңында семинарға қатысушылар Сырым Елубаевтың баяндамасын назарға алып және осы заң жобасы туралы ақпараттандырғаны үшін алғысын білдірді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі