-A A +A

Адвокаттық қызметпен айналысуға кезекті аттестация өтті

29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерлерді кезекті аттестациялау өткізілді.

Аттестаттаудан өтуге 14 үміткер тіркелген, оның 8 қатысыты, 6 үміткер  дәлелсіз себептермен қатыспады.

Екі кезеңнен тұратын тестілеу және емтихан билеттері арқылы білімдерін сараптау нәтижесі көрсеткендей, аттестациялық комиссияның шешімі бойынша 2 үміткер аттестациядан өткен болса, 6 үміткер аттестациядан өтпеді.

Жалпы, аттестаттау жұмысы өз деңгейінде өтті, ұйымдастырылуы мен сапасына қатысты арыз-шағымдар түспеді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі