-A A +A

Алимент өндіру туралы атқарушылық істер бойынша акция

Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің 2017 жылдың 3 тоқсанына арналған жұмыс жоспарының 20 тармағын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 5-29 қыркүйек аралығында алимент өндіріп алу туралы сот актілері бойынша "Алиментті төле!» атты акциясы өткізілді.

Аталмыш  іс-шараның  мақсаты – алимент  өндіру  жөніндегі  сот  актілерін  орындалу  жағдайын  жақсарту,  алимент  төлеуден  қасақана  жалтарып  жүрген  борышкерлерге шара қабылдау.  

Бүгінгі күнде акция барысында 3 864 атқарушылық іс аяқталды, 5 борышкерге іздеу жарияланып, 2 борышкердің мекен-жайы анықталынды. 16 борышкердің жұмыс орны анықталып, олардың еңбек ақысынан алимент берешегі өндірілуде, және де 12 борышкер жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыспен қамталды.

17 борышкерге ҚР тыс жерге шығуына  шектеу қойылды, 2 борышкердің көлік жүргізу куәлігінің күші тоқтатылды.

12 борышкерге  қатысты  ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 669 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, борышкерлер әкімшілік жазаға тартылды.

5 борышкерге қатысты ҚР ҚК-нің 139 бабына сәйкес қылмыстық  із қозғауға ІІБ-не ұсыныстар  жолданылды.

Өндіріп алушылардың пайдасына  акция барысында 8 820 625 тенге өндірілді.

Сот орындаушыларымен алимент бойынша борышкерлер еңбек қарым-қатынасы бар кәсіпорындардың бухгалтерларымен алименттік төлемдер аудару дұрыстығы және уақтылығы туралы семинар өткізілді. Сонымен қатар, борышкерлермен мешіттерде балаларды асырау және тәрбиелеу туралы әнгимелер өткізілді.

Осы жұмыс саласы Департаменттін үнемі бақылауында.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі