-A A +A

Ардагерлерін құттықтады

Қазан айының 2 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қарттар күні мерекесіне орай ардагерлерді құттықтады.

Департаменттің қызметкерлері ардагерлерді құттықтай отырып, құқықтық жүйені құрудың бастауында тұрғаны, қайраттанып еңбек еткені, қазіргі уақытта мол практикалық тәжірибені олардың орындарына келген жаңа ұрпаққа, қызметкерлерге беріп жатқаны үшін ерекше алғыс білдірді. Сондай-ақ, құттықтау иелеріне көптеген жылы сөздер айтылды және зор денсаулық пен ұзақ өмір тіленді.

Әділет органдарының ардагерлері өз әріптестеріне көрсетілген ілтипат үшін алғыс айтып, жұмыста әрі қарай гүлдену мен жаңа жетістіктер тіледі.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі