-A A +A

Ашық есік күні

Үржар аудандық әділет басқармасымен 13 шілде күні  «Нұр Отан» партиясы аудандық филалының ғимаратында әділет органдарының Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту әрекеттер негізінде сұрақтарды түсіндіру  бойынша «Ашық есік күні» өткізілді.

Кездесу барысында басқарма қызметкерлерімен реформалардың мағынасы, халықаралық бедел көрсеткішін арттыру үшін Қазақстанның экономикалық жағдайы жеткілікті жоғары екенін атап өтті. Әртүрлі бедел көрсеткіштерінің қорытындылары бірдейлендіру, тапсырмалар мен проблемаларды саралау, экономика мен мемлекетті стратегиялық басқару тиімділігі үшін  қолдануын атап өтті.

  Қазақстан Республикасының әділет министрлігі ДЭФ АБИ 4    индикаторының сондай-ақ, осы сияқты «Меншік құқығы», «Әкімшілік дауларды реттеуді  заңдылықтың тиімділігі», «Даулы сұрақтарды шешкен кезде заңдылықтың тиімділігі», «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» негізгі орындаушысы болып табылады.

Осы іс-шараға қатысқан барлық азаматтарға кеңес пен түсіндірме берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі