-A A +A

Ашық есік күні

30 қараша күні  Глубокое  аудандық әділет басқармасының басшысы Роза Адильбаева  Глубокое  аудандық прокуратурасының аға прокуроры Алексей Безродных, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Глубокое аудандық  бөлімінің бастығы Пернебек Жорабеков, Глубокое аудандық әділет басқармасының ғимаратында, құқық иеленушілер мен пайдаланушыларға зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғау мәселесі бойынша «Ашық есік  күні»өткізді.

Іс-шараның мақсаты зияткерлік меншік саласындағы азаматтардың білім деңгейін көтеру, сондай-ақ, осы саладағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және жолын кесу мәселелерін талқылау.

Кеңес алуға 3 адам жүгінді, оларға зияткерлік меншік құқықығын қорғау туралы кеңес берілді, сонымен қатар азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеу саласында кеңестер  берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі