-A A +A

Аудан әкімдігінің отырысы өтті

Желтоқсан айының 6 күні  Қабанбай ауылының Мәдениет үйінде  аудан  әкімі Ділдәбек Оразбаевтың төрағалығымен Тарбағатай ауданының әкімдігінің отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіне «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»  Заң жобасының негізгі ережелерін талқылау  енгізілген.

Отырысқа ауылдық округтың әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау   органдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында баяндамамен Тарбағатай аудандық әділет басқармасының басшысы  Ерлік Бактияров сөз сөйлеп, бұл заң жобалары кешенді болып табылады және мемлекет кепілдік берген заң көмегі нормаларымен қаныққан, сондай-ақ жекелей іспен айналысатын  заңгерлер нормаларының қызметі туралы айтып өтті.

Іс-шара соңында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев адвокаттардың санын көбейтуді және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізудің қажеттілігін атап өтті.                       

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі