-A A +A

Аудандағы нотариустардың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді

Қараша айының 9 күні Үржар аудандық әділет басқармасы аудан нотариустарының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты-заң талаптарын мүлтіксіз орындау, нотариустардың кәсіби деңгейін көтеру.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Сонымен қатар, семинар-кеңес қорытындысы бойынша баяндамаларды назарға алып, нотариаттық іс-әрекет сапасын жақсарту, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында толық және қолжетімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заң нормаларын қатаң сақтауға кеңес берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі