-A A +A

Аудандық кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

11 қаңтарда Жарма аудандық әділет басқармасының басшысы Темирлан Ахметов,  қәсіпкерлер палатасының өкілі Дастан Мухаевпен бірлесіп ауданының жеке кәсіпкерлер арасында «Заңды және жеке тұлғалардың тауар таңбалары туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi» негізінде кездесу өткізілді.

Кездесуді өткізудің мақсаты қорғалатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы түсіндірілді.       

Сонымен қатар басқарма басшысы Темирлан Ахметов, тауар таңбасын дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi бiртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты, ал жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасы болғанда - кез келген тауарлар мен қызметтерге қатысты азаматтық айналымға рұқсатсыз енгiзу тауар таңбасының пайдалану құқығы иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып танылатыны туралы түсіндірді.                                   

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі