-A A +A

Ауыл тұрғындарымен кездесу

Қараша айының 7 күні Глубокое  аудандық Әділет басқармасының ұйымдастырумен, Глубокое ауданы Уварово ауылында «Ашық есік күні» және  азаматтармен кездесу өткізілді.

Аталған кездесуге  Глубокое аудандық  әділет басқармасының басшысы  Роза Адильбаева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасының орынбасары  Виктория Бородина, «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік  корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Глубокое ауданы  бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу  орталығы» Департаментінің басшысы Гульжан Борсанова қатысты.

Кездесуде аудандық әділет басқармасының басшысы  Уварово ауылының тұрғындарына кездесудің негізгі мақсаты бойынша білікті заң көмегін көрсету мемлекеттік қызметтердің көрсету  түрлері бойынша түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, Президенттің халыққа Жолдауы бойынша және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» дәріс оқыды.

Аталған кездесуге 20 адам қатысып, өздерін толғандырып жүрген мүлікті заңдастыру, зейнетақы мәселесі  және басқа да сұрақтар қойылды, оларға  заңға сәйкес жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі