-A A +A

Ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Аудандық әділет басқармасының басшысы  және «Нұр Отан» партиясы Глубокое  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары білікті заң көмегін беру мақсатында  28  қарашада  Перевальное ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Глубокое  аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Виктория Бородина Елбасы Жолдауының басты міндеттерін түсіндірді.

Әділет басқармасының басшысы Роза Адильбаева, Қазақстан Республикасының  «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңының басты талаптарын, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға оңтайлы жағдай жасаудағы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу  саласында, жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік  тіркеу, электрондық қызмет алу тәртіптері  бойынша түсініктер берді. «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында  дәріс оқыды.  

Қатысушылардың жылжымайтын мүлікті заңдастыру тәртібі бойынша,  кооперативті ашу, нотариалдық және нотариалсыз шарттың айырмашылығы, туу туралы куәлікті қайталап алу тәртібі бойынша сұрақтарына  жауаптар және кеңестер берілді.

Кездесу соңында тұрғындарды кележатқан  Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – зор денсаулық, мол табыс, ұзақ ғұмыр, бақытты келешек тіледі!

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі