-A A +A

Ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің қатысумен семинар өтті

30 қараша айы Өскемен қаласы әкімдігінде Шемонаиха, Глубокое, Ұлан және Жарма  аудандарының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің қатысумен төрт сатылы бюджетті бекіту бойынша семинар өтті.

Семинар барысында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Бейсембек Әл-Сейітпен нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары мәселелері, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқарудың дербес бюджетін бекіту бойынша Бюджет Кодексіне және басқа да заңнамалық актілерге енгізілген түзетулер туралы баяндама жасады.

Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі