-A A +A

«Авицена» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесу

14 шілдеде Өскемен қалалық әділет басқармасы тұрғындарға  балалардың тууын онлайн режимде тіркеу сұрақтарын түсіндіру мақсатында, «Авицена» ЖШС емханасының медициналық қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында электронды қызмет көрсету, оның ішінде баланың тууын электронды түрде тіркеу әділет органдарының басым бағыттарының бірі екендігі түсіндірілді. Сондай-ақ,  басқарма мамандарымен баланың тууын тіркеу және  балабақшаларға кезекке тұру, сондай-ақ мемлекеттік төлемдер бойынша өтінімдер жасау үшін  жүктілікте есепке тұрған әйелдердің керекті заттары мен құжаттар тізбесіне  электронды-цифрлы  қолтаңба қосу ұсынылды.

Кездесу соңында акушерлерге ақпараттық кітапшаларды ары қарай емделушілерге тарату үшін берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі