-A A +A

Азаматтарды қабылдау өткізілді

13 шілде күні Риддер қалалық әділет басқармасының басшысы Марат Бейлханов  ХДП «Нұр Отан» филиалында азаматтарды қабылдады.

Іс-шара барысында әділет басқармасының басшысы заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүліктерді тіркеу жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасы туралы түсіндіріп өтті.

Кездесуде барысында Риддер қаласының тұрғындары жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу ( қайта тіркеу) және әкімшілік айыппұлдар мен олардың орындалуын қадағалау туралы кеңес берілді.

 Іс-шараның басты мақсаты қаланың тұрғындарына Қазақстан Республикасында құқықтық көмек көрсететін нормативтік құқықтық актілер заңнамаларымен таныстыру және халық арасында кеңес беру жұмыстарын өткізу.

Кездесу соңында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға керекті ақпараттарын алды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі