-A A +A

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу – әлеуметтік маңызды қызмет

Шілде айының 10 күні Глубокое аудандық әділет басқармасының  ұйымдастыруымен, «Азаматтарға арналған үкімет МК» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы» ХҚКО департаментінің Глубокое аудандық бөлімінің өкілдерінің, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі маманының және аудандық аурухана дәрігерлерінің қатысуымен, Глубокое аудандық ауруханасында «Баланың тууын мемлекеттік тіркеу – әлеуметтік маңызды қызмет» тақырыбында  семинар өткізілді.

        Әділет басқармасының басшысы Роза Әділбаева қатысушыларды отырыстың мақсатымен таныстырды.

         Семинардың мақсаты  бала тууын электрондық тіркеу   маңыздылығын түсіндіру.

Адамның туылуы бірінші кезекте оның ата-анасы үшін қуанышты оқиға. Сонымен бірге, бұл жауапты қадам және жаңа міндеттер мен құқықтардың туындауы. Баланың тууын уақытылы тіркеу және жеке басын куәландыратын оның алғашқы құжаты – Туу туралы куәлікті алу қаншалықты маңызды екенін бәріміз түсінеміз. Бұл куәлік баланың бірінші құжаты бола отырып, бірінші кезекте оның Қазақстанның азаматы екендігін білдіреді. Одан кейін осы куәліктің негізінде ол барлық келесі құжаттарды алатын болады, түрлі құқықтық қатынастарға қатысады деді өз баяндамасында  Роза Әділбаева.

         «Азаматтарға арналған үкімет МК» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы» ХҚКО департаментінің Глубокое аудандық бөлімінің бастығы  Пернебек Жорабаев -ХҚКО арқылы баланың тууын тіркеуге өтініш беру тәртібін атап өтті.

          АХАТ бөлімінің бас маманы  Гульжиян Касенова, баланың туу туралы куәлігін алу үшін қандай құжаттар талап етілетінін түсіндірді және  дайындалған жадынамаларды таратты.

       Қатысушы дәрігерлерден  түскен сұрақтарға   жауаптар берілді.

        Роза Әділбаева отырысты қорытындылап, баланың тууын уақытылы тіркеу және жеке басын куәландыратын оның алғашқы құжаты – Туу туралы куәлікті алу қаншалықты маңызды екенін айтып өтті.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі