-A A +A

Баланың тууын онлайн режимінде тіркеу

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары бойынша жүргізілген құқық түсіндіру жұмыстарының арқасында Үржар аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен аудандық перзентханада онлайн режимде баланың тууы рәсімделініп, тіркелді.

 27 маусым күні дүниеге келген нәресте Меруерт Бекжанқызының анасы Аксакова Мөлдірге және 22 маусым күні туған Айару Темірболатқызының анасы Изатуллаева Ақеркеге Үржар аудандық АХАТ секторының меңгерушісі Р.Тоқбаланова онлайн режимде тіркелген туу туралы куәлікті салтанатты түрде тапсырды.

Үржар аудандық әділет басқармасының басшысы С.Селиханова аналарды кұттықтай отырып, «Адамның туылуы бірінші кезекте оның ата-анасы үшін қуанышты оқиға. Сонымен бірге, бұл жауапты қадам және жаңа міндеттер мен құқықтардың туындауы. Баланың тууын уақытылы тіркеу және жеке басын куәландыратын оның алғашқы құжаты – Туу туралы куәлікті алу қаншалықты маңызды екенін бәріміз түсінеміз. Бұл куәлік баланың бірінші құжаты бола отырып, бірінші кезекте оның Қазақстанның азаматы екендігін білдіреді» деп  өз сөзін аяқтады.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі