-A A +A

"Баланың тууын онлайн режимінде тіркеу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеруді іске асырудың жолдарының бірі халыққа мемлекеттік қызметті электронды форматта көрсету  болып табылады. Сондықтан барлық мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі электронды қызметті жандандыру, яғни бұл АХАТ органдары мен әділет органдарының да міндеті.  

Осы бағытта халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында Үржар аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен АХАТ қызметінің қызметкерлерімен бірлескен Үржар ауданының перзентхана бөлімінің қызметкерлері мен аналарға  2017 жылдың 30 маусымында «Баланың тууын онлайн режимінде тіркеу»  атты тақырырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Үржар аудандық әділет басқармасының басшысы С.Селиханова барлық электронды қызметтің кең тараған қызмет түрі неке тіркеуге арыз беру болған. Ал қазіргі уақытта қалған түрлері бойынша электронды қызметті, бірінші кезекте тууды тіркеуді жұмыс тәжірибесіне енгізу қажеттігін, олар азаматтың баланың тууын тіркеу, балаға жәрдемақы рәсімдеу, бала-бақшаға кезекке қою үшін әр ХҚКО-на, әкімдікке, АХАТ органы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының арасында жүгірмей, веб-портал арқылы дистанциялық түрде жүгіне алатындығы туралы айтып кетті.

Сонымен бірге, АХАТ қызметінің бас маманы Р.Тоқбаланова кездесу барысында медициналық мекемелердің әкімшілігімен  тікелей перзентханаларда тууды тіркеуге арыз қабылдау жағдайы, бұл үшін порталдың өзінде тіркелу  қажет, содан кейін жұбайлардың ЖСН енгізіп онлайн-өтінішті өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасымен растау жеткілікті. Аталған қызметті некелері 2008 жылғы 1 маусымнан кейін тіркелген ата-аналар ғана пайдалана алатынына назар аудару қажет. Бұл жағдай республика бойынша азаматтық хал актілері жазбаларының электрондық мұрағатын қалыптастыру 2007 жылдың екінші жартысынан басталуымен байланысты. Электрондық өтінішке жауап өтініш берушінің жеке кабинетіне жолданады, онда балаға ЖСН беру туралы және туу туралы куәлікті алу үшін тіркеуші органға баратын уақыт туралы ақпарат көрсетіледігіне тоқталып кетті.

Іс-шара соңында онлайн режимде тууды тіркеу туралы жадынамалар үлестірілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі