-A A +A

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «EXPO 2017 көрмесіне мамандандырылған Әділет органдарының қосқан үлесі» бойынша аумақтық бөлімше қызметкерлерімен конкурс ұйымдастырылып, өткізілді.

Конкурстың мақсаты мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру, ондағы «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының керектігі айтылған.

Конкурсқа қатысушыларға Шығыс Қазақстан өңірінің қасиетті және көне орындарын буклеттер мен фотоальбомдар түрінде жасау ұсынылған.

Ұсынылған «Рухани жаңғыру»  буклеттер қорытындысы бойынша: бірінші орынды Семей қаласының Жаңасемей аумақтық бөлімшесі алса, екінші орынды Тарбағатай аудандық әділет басқармасы алды.

«EXPO 2017 көрмесіне Әділет органдарының қосқан үлесі» конкурсының қорытындысы бойынша ең үздік фотоальбомға:  Семей қаласының әділет басқармасы бірінші орынға иеленсе, екінші орын Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментіне бұйырды.

Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі