-A A +A

Боран ауылының тұрғындарымен кездесу

29 қараша күні Күршім аудандық Әділет басқармасымен Боран ауылдық округінің Боран ауылында тұрғындармен  көшпелі кездесу өтті. Көшпелі кездесуге Әділет басқармасының бас маманы Тоқпаева Салтанат және жекеше нотариус Қамбар Аманжолов қатысты.

Шараның мақсаты  тұрғындар арасында құқықтық білімді насихаттау, құқықтық көмек көрсету және консультациялық жұмыс жүргізу болды. 

Кездесу барысында тұрғындарға заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу,  Дүниежүзілік банк «Doing Business» рейтингісі көрсеткішін жақсарту бойынша  «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тіркеу тәртібінің жеңілдетілгені»,  сонымен қатар Елбасының Жолдауын насихаттау,  жемқорлықпен күрес  тақырыбында құқықтық насихаттау жұмыстары жүргізіліп, сұрақтарға жауаптар берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі