-A A +A

Бородулиха ауданыдық әділет басқармасында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді

Қараша айының 8 күні  Бородулиха аудандық Әділет басқармасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Іс-шараға жеке кәсіпкерлік палата өкілдері, нотариустар, сот орындаушылары, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі» және Бородулиха ауданының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің өкілдері қатысты.

 Іс-шара барысында басқарма басшысы Мұрат Байзақов қатысушыларды «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасының негізгі қосымшаларымен таныстырылып, негізгі назарда және ең басты мақсат заңды көмектің сапасын арттыру.

Әділет басқармасының бас маманы Әсем Тұрғумбаева баяндама жасап, заң жобасы азаматтарды қолжетімді және сапалы заңгерлік көмекпен қамтамасыз ететіндігін айтып өтті. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы адвокатура және жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің қызметтрін оңтайландыруды көздейді. Ол заң көмегінің қолжетімділігін және сапасының жоғарлауын, ауылдық және қалалық жерлеріндегі адвокаттардың қызметімен қамтамасыз етілуінің және тағы басқа орын алып отырған бір қатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Кездесу соңында әділет басқармасының басшы қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі