-A A +A

«Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі»

2 қазан күні Үржар аудандық  Әділет басқармасының инспекторы Медет Камашев  Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, «Үржар-Кең Дала»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шара барысында жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу кезінде туындайтын даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі, жылжымайтын мүлік құқығын уақытында тіркеу жайлы ақпарат жеткізілді.

Іс-шара соңында қатысушылар құқық саласы бойынша көптеген сұрақтарына жауап алды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі