-A A +A

Әділет басқармасымен кеңес өткізілді

10 қарашада Үржар аудандық әділет басқармасымен жеке нотариус Гулжанат Игенбаеваның және Үржар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Бейбіт Ахметовтың қатысуымен Бахты ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында халыққа жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша кеңес өткізілді.

         Іс-шараның мақсаты- халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңды көмек көрсету. Іс-шара шегінде барлық қатысушыларға құқықтық көмек көрсетілді.

         Жиын барысында әділет басқармасының басшысы Салтанат Селиханова халыққа жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша құқық белгілеуші құжаттардың рәсімделуін және оларға шара қолданылуы туралы түсіндірді. Барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі