-A A +A

«Әділет кеңес береді»

Қараша айының 29  күні  Курчатов қалалық әділет басқармасымен «Әділет кеңес береді» республикалық акция аясында жеке нотариус  Сандугаш Кабидоллаева, Курчатов қ. полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы полиция  майоры Айнур Оразбаева және  «Нұр Отан» партиясы Курчатов қалалық филиал төрағасының бірінші  орынбасары  Елена Гулькованың қатысуымен  ҚР ЭМ «Геофизикалық зерттеулер институты»  республикалық  мемлекеттік кәсіпорынының  мәжіліс залында  «Әділет кеңес береді»  акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың құқықтық мәдениеттерін арттыру, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасын түсіндіру.

Барлық жүгінген азаматтарға құқықтық көмек, кеңес көрсетіліп, заңнама түсіндірді.

Аталған іс-шара қатысушылары көрсетілген заң көмегі үшін алғыстарын білдірді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі