-A A +A

«Әділет кеңес береді» акциясы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты «Әділет кеңес береді» акциясы шеңберінде  желтоқсан айының  4 күні  Глубокое  аудандық әділет басқармасының басшысы және Глубокое аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасарының ұйымдастыруымен   Верхнеберезовка  техникалық колледжінің  2-ші курс студенттеріне «Әділет кеңес береді» акциясы шеңберінде ашық есік іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында студенттерге Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғаны жайлы және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауының негізгі ережелері айтылды.

Студенттердің Doing Business және де бәсекеге қабілеттілік рейтингісі жайлы  сұрақтарына,  түсініктеме берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі