-A A +A

«Әділет кеңес береді» акциясы

Қараша айының 13 күні  Курчатов қ. әділет басқармасымен  Дегелен бекетінің тұрғындарына және «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы»  жұмысшыларына  Курчатов қ. полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы полиция  майоры Айнур Оразбаева, мемлекеттік кірістер басқармасының инспекторы Динара Досмамбетова, «Курчатов қ. тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің инспекторы Асем Сыздыкова, нотариус Сандуғаш Кабидоллаева,  және  «Нұр Отан» партиясының Курчатов қалалық филиалының бірінші төрайымы Елена Гулькованың қатысуымен «Әділет кеңес береді» атты республикалық акциясы ұйымдастырылды.

         Аталған іс-шараның мақсаты – халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың құқықтық мәдениеттерін арттыру. Акция қатысушылары  негізінде  жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу сұрақтары бойынша, мұра құқығы туралы  куәлікті, сенімхатты беру, кезекке тұру және пәтер үйді алу, жәнеде азаматтарды құжаттандыру сұрақтары бойынша кеңес алды.  Барлық жүгінген азаматтарға құқықтық көмек, кеңес көрсетіп, заңнама түсіндірді.

         Аталған іс-шара қатысушылары әділет органдарын ұйымдастырылған акция үшін алғыстарын білдірді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі