-A A +A

«Әділет кеңес береді» атты акция өткізілді

  8 қарашада құқық қорғау іс-шараларының процедуралық негіздерін жаңғырту шеңберінде Аягөз аудандық әділет басқармасы «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп «Әділет кеңес береді» атты акциясын өткізді.

«Нұр Отан» партиясының басшысы Қасымжанов Руслан, бас маман Алмагүл Тлеужанова халыққа кеңес берді.

Іс-шараның мақсаты адвокаттық қызмет бойынша негізгі реформалармен таныстыру.

Іс-шара барысында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласында, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін реформалау туралы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі жаңашылдықтар бойынша адвокаттардың құзіреті туралы өтініш білдірген азаматтарға құқықтық кеңес берілді.

Іс-шара соңында қойылған сұрақтарға мамандармен толықтай жауап берілді. Барлығы 7 азамат жүгінді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі