-A A +A

«Әділет Министрлігіне бекітілген ДЭФ ЖБҚИ көрсеткіштердің түсіндіру»

Қараша айының 7 күні Шемонаиха ауданының Әділет басқармасымен кәсіпкерлер палатасының өкілдері Анастасия Тыцких, Райымбек Дусимов және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің қызметкерлері қатысуымен «Әділет Министрлігіне бекітілген Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекстерінің көрсеткіштердің түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілген.

Осы іс-шара Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекстерінің Әділет Министрлігінің бекітілген индикатор көрсеткіштердің жақсарту мақсатында өткізілген.

Дөңгелек үстел барысында Әділет Министрлігі негізгі орындаушы болып табылатын көрсеткіштер бойынша Қазақстанның  айқындамалары түсіндірілген: Меншік құқығы, әкімшілік  реттеу дау айту бойынша заңнаманың тиімділігі, зияткерлік меншігін қорғау,  даулы сұрақтарды  шешудегі заңнаманың тиімділігі.

Кездесу нәтижелері бойынша қатысушылар Шемонаиха ауданында жеке және заңды тұлғалар, сондай –ақ кәсіпкерлік қызмет үшін жұмыс жағдайларын жақсарту бойынша басқарманың органдары бірлескен одан әрі қажеттілігі туралы пікірлермен алмасты.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі