-A A +A

Әділет органдарының кезекті Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді

2017 жылдың 30 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Е.Дауылбаевтың төрағалығымен Әділет органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Үйлестіру кеңесінің отырысы Шығыс Қазақстан облысы бойынша сараптама институты, адвокаттар алқасы,  нотариаттық палатасы, бағалаушылар палатасы,  жеке сот орындаушылар аймақтық палатасы, құқықтық ақпарат орталығы өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Іс-шара барысында департамент басшысының орынбасары Г.Табанов «Шығыс Қазақстан облысы Әділет органдарымен көрсетілетін  мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту шаралары туралы» баяндамасымен, сондай-ақ құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы С.Исаеваның «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен жүргізілген құқықтық насихат шаралары туралы» баяндамасын назарға салды.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің 2017 жылдың 3 тоқсанына бірқатар ұсыныстар берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі