-A A +A

Әділет органының қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өткізілді

          Қыркүйек айының 29 күні әділет органы қызметкерлерінің 25-жылдық  мерейтойына және қарттар  күніне қарсы Жарма аудандық Әділет басқармасында, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің қызметкерлемен бірлесіп Жарма ауданынын әділет басқармасының ардагері Ғалия-Бану Ахметова шақырылуымен салтанатты түрде іс-шара өткізілді.

      Жиналыста ардагер Ғалия-Бану Ахметоваға көп жыл еңбек өтілі әділет органдарының іс-әрекетіне қомақты үлес еңгізгені үшін алғыс білдірді және әділет басқарма қызметкерлері  атынан  сыйлық берілді.

      Жиналыстын аяқталуында басқарма басшысы Темирлан Ахметов барлық қатысушыларды келе жатқан әділет органдарының қызметкерлерінің мейрамымен құттықтап, атқарған еңбектеріне және қойылған мақсаттарына жетуге  тілек білдірді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі