-A A +A

Дөңгелек үстел

Қараша айының 7 күні Глубокое аудандық Әділет басқармасымен   Глубокое ауданының нотариустарының қатысуымен  Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасы  жөнінде және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын қолдану  бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Роза Адильбаева  Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңжобасының негізгі ережелерімен таныстырды  және Заңды қабылдаудың негізгі мақсаты  және тиімді жақтарын түсіндірді. Сонымен қатар,  нотариустарға  «Қазақстан Республикасы  Тіл туралы Заңын» мәмілелер жасау  кезінде «Мәмiлелер тiлi»  туралы 15-бабын жұмыс барысында қолдану қажеттігін  айтып кетті.

Нотариустар Зауре  Амирова,  Ольга Потапова, Қарлығаш Кабидолдина  сөз сөйлеп өз пікірлерін айтты.

Дөнгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша  нотариустармен жасалатын мәмілелерді  Қазақстан Республикасы  «Қазақстан Республикасы Тіл туралы Заңы» талабына сәйкес мәмілелерді жүйелі түрде мемелекеттік тілде ресімдеуге  біртіндеп көшіру бойынша шешім қабылданды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі