-A A +A

Дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 маусымында Үржар аудандық әділет басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы»  КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы – ХҚКО» департаментінің Үржар аудандық бөлімімен, Үржар аудандық жеке кәсіпкерлерінің қатысуымен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу тәртібін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту  мақсатында Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу тәртібін түсіндіру бойынша туындаған сұрақтар талқыланды.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында,  әділет басқармасының басшысы С.Селиханова заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеу қызметі бойынша құжаттарды тапсыруы кезінде құжаттарды қабылдау заңдылығын сақтау, құжаттар мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес тәртіпте қабылдау және электронды тіркеу процессінде туындайтын мәселелер бойынша түсінік берілді.   

Іс- шара барысында, барлық қатысушылар арасында ҚР Әділет министрлігімен әзірленген жадынамалар таратылды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі