-A A +A

Дөңгелек үстел өткізілді

Қараша айының 8 күні  Шемонаиха ауданы Әділет басқармасының қызметкерлері аудан адвокаты  Жасулан Идельбаев, Елена Блинованың, аға сот орындаушы Руслан Усюрбаевтың және құқыққорғау органының қызметкері Мирхат Апышевтың қатысуларымен  «Құқық қорғау қызметін процестік негіздерін жаңғырту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер және толықтырулар енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің  мақсаты- заңды талқылап,  жоғарыдағы Заң жобасының шеңберінде адвокаттардың прцессуалдық өкілеттіліктерін кеңейту.

Шарада  Шемонаиха ауданы Әділет басқармасының бас маманы Марина Симоненко Заң жобасының бес негізгі бағыттарын атап өтті: адам құқықтарын қорғау деңгейін, тергеу рәсімін оңайлату, екі жақтың бәсекелестігін көтеру,  бәсекелестікті арттыру, тараптардың қайталануын болдырмау және тергеу органдар арасында өкілеттілікті нақты бөлу, прокуратура және сот, сот бақылауын кеңейту.

Кездесу соңында, қатысушылармен аталған заң жобасында қылмыстық істерді электронды жүргізу, адам құқықтарын қорғауды жақсартады, процесс  ашық  болады,  сот және прокурорлық бақылау күшейтіледі, сыбайлас жемқорлық және  теріс пайдалану азаятыны туралы айтылды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі