-A A +A

Дөңгелек үстел «Жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеу»

8 қарашада Әділет басқармасы Көкпекті ауданының Жылжымайтын мүлік орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің және Әділет басқармасы қызметкерлерінің, аумақтық нотариаттық палата және жекеше нотариустардың қатысуымен жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеу барысында туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Отырыс барысында нотариустармен куәландырылған мәмілелер бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеудің көрсеткіштерін арттыру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде мемлекеттік стандарттар талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету және Көкпекті ауданының нотариустарына оқыту семинарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Нәтижесінде, қатысушылар өзара пікір алмасып, жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мақсатында өзара қарым-қатынасты күшейту қажеттілігін атап өтті.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі