-A A +A

Электронды үкімет порталы арқылы баланың тууын тіркеу бойынша семинар-кеңес

Катонқарағай аудандық әділет басқармасымен жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің АХАТ қызметкерлерімен 4 шілдеде семинар-кеңес өткізілді.

Семинар барысында «электронды үкімет» порталы арқылы баланың тууын онлайн тіркеуге арыздарын қалыптастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар семинар-кеңеске «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  Катонқарағай аудандық бөлімінің маманы шақыртылып, «электронды үкімет» порталы арқылы қызмет алуға қажетті электронды қолтаңбаны қалай рәсімдеуге болатынын айтып жеткізді.

Шараның қорытындысы бойынша азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласы бойынша электронды қызмет көрсетуді күнделікті жұмыс тәжірибесіне енгізілу қажеттілігі жөнінде шешім қабылдады.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі