-A A +A

Халық алдында есеп беру кездесуі өткізілді

10 шілдеде Аягөз аудандық әділет басқармасының басшысы Абдуллаева Арзыгүлдін  Мамырсу ауылдық округі тұрғындарының алдында есеп беру кездесуі өткізілді.

Кездесуде Аягөз аудандық Мамырсу ауылдық округінің әкімі Архат Ибрайшин, және округ тұрғындары қатысты.

Іс-шараның мақсаты Әділет басқармасының 2017 жылдың 1 жартыжылдығында жүзеге асырылатын жұмысымен таныстыру.

Кездесу барысында әділет басқармасының басшысы 2017 жылдың 1 жартыжылдығында әділет басқармасы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласында, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу,  мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы құқықтық көмек және заңды қызметтерді көрсету, құқықтық насихаттау, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Кездесу соңында Абдуллаева Арзыгүл әділет органдарының құзырына жататын сұрақтарға толықтай жауап берді.

Халық алдында есеп беру кездесуі соңында ауылдық округінің әкімі Архат Ибрайшин әділет басқарма басшысына ұйымдастырылған іс-шараға алғыс айтып, ары қарай жұмыста жетістіктерге жетуге тілегін білдірді.

ШҚО Әділет департментінің баспасөз қызметі