-A A +A

Қабылданған ҚР Заңын түсіндіру бойынша семинар сабақ өткізілді

Қараша айының 7 күні  Жарма аудандық әділет басқармасының басшысы Темирлан Ахметов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жарма аудандық бөлімінің инспекторлардың арасында, кәсіпкерлік палатасының өкілінің Дастан Мухаевтың шақырылуымен, 2017 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын түсіндіру бойынша семинар – сабақ өткізді.

Семинар сабақтың өткізу мақсаты заңды тұлғаларды тіркеу барысында жаңалықтарды түсіндіру. Атап айтқанда заңты тұлғаны тіркеу кезінде «Электрондық үкімет» веб-порталында банк шотын ашуына электрондық арызды беру және жұмысшылардың сақтандыру шартты жасау, заңды тұлғаларды тіркеу (қайта) туралы анықтамаларда басшылардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) мәліметтермен толықтырылды және үлгі жарғы негізінде іс-әрекетін жүзеге асыруы белгіленген, сонымен қатар заңды тұлғаны тіркеу кезінде қосымша құн салығына қойылуына мұмкіндігі туралы айтылды.  

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі