-A A +A

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған дөңгелек үстел

30 қараша күні Катонқарағай аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел мүддесі үшін атқарып жатқан еңбегін халық назарына жеткізу мақсатында «Қазақтың дана, кемеңгер ұлы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына аудандық соттың мамандары,  жеке нотариустар мен адвокаттар қатысты.

Жиынды ашқан Катонқарағай аудандық әділет басқармасының басшысы Нұрқанов Қайрат Жеңісұлы қатысушыларды дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, Қазақстанда демократиялық институттарды құрудағы Н.Ә. Назарбаевтың аса зор еңбегі туралы баяндама жасады.

Дөңгелек үстел жұмысы Елбасының өмір баяны туралы әділет басқармасымен әзірленген слайд-шоуды тамашалаумен жалғасты.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша  қатысушылар Елбасының атқарып отырған сабдалы саясатын қолдайтындарын білдіріп, өз ойлары мен тілектерін ортаға салды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі