-A A +A

«Қазақстан Республикасында бағалау қызметі туралы» Заңын түсіндіру тақырыбында семинар өтті

11 қаңтарда Күршім аудандық әділет басқармасымен  ауданы әкімдігінің «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұжымында «Қазақстан Республикасында бағалау қызметі туралы» Заңын түсіндіру тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға жекеше нотариус Ғалия Бабагумарова қатысты.

Семинардың мақсаты - Қазақстан Республикасында бағалау қызметі туралы» заңын түсіндіру болды. 

Семинар барысында  басқармасының басшысы Жомарт Сейтканов қатысушыларға бағалау қызметі саласындағы заңды жетілдіруге, мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған тұжырымдамалық тәсілдер көзделгені  туралы айтып өтті.

Семинар соңында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі