-A A +A

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заң жобасын талқылау бойынша облыс бағалаушыларымен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесу

Қаңтар айының 11 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ғимаратында басшының міндетін атқарушы Ермек Қорабаевпен бағалау қызметі туралы заң жобасын талқылау бойынша кездесу өтті.

Кездесуге Шығыс Қазақсатан облысы Бағалаушылар қауымдастығының төрағасы Татьяна Колтунова, ЖК «Демидов А.Н», ЖК «Максимов В.А.», ЖК «Иващенко П.», ЖШС «Avto Vip» сондай-ақ басқада облыстың бағалаушылары мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Кездесудің мақсаты - «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заң жобасын және ҚР «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңын талқылау.

Алғы сөзбен Ермек Қорабаев бағалаушылардың кәсіби білімін және дағдыларын анықтау мақсатында жеке тұлғаларға лицензиялауды алып тастау шараларын енгізе отырып, лицензиялық рәсімдерді жеңілдету және қысқарту туралы айтып берді.

Татьяна Колтунова Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңының  негізінде тапсырыс берушілер және үшінші тұлғалар алдында палатаның және оның мүшелерінің мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету туралы айтып өтті.

Іс-шара соңында баяндамалар талқыланып Қазақстан Республикасының заңнамасына жаңа енгізілген өзгерістерді пайдалана отырып жұмыс сапасын жақсарту туралы шешім қабылданды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі