-A A +A

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

11 қаңтарда  қалалық  «Нұр Отан» филиалы партиясы ғимаратында Риддер қалалық әділет басқармасының ұйымдастыруымен  мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға әділет басқармасының бас мамандары, РММ «Риддер қ. мемлекеттік кірістер басқармасы», ШҚО ІІД РММ «Риддер қ. ТЖБ»,  «Риддер аумақтық сот орындаушылар бөлімі», ММ «Кәсіпкерлік және туристік бөлім» қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қолдану, мемлекеттік қызметшілердің арасында жемқорлыққа жол бермеу, жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қолдану.

Іс-шара барысында Басқарма басшысы Марат Бейлханов өзінің баяндамасында әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзіндік жүйе құрды деп атап өтті. Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясаты жүйелі де мақсатты сипатта.

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органы бола отырып Президентіне тікелей бағынысты елдің күш-жігерін біріктіреді, мемлекеттің және қоғамның тиімді іске асуы, мемлекеттік қызмет кадр саясаты мен сыбайлас жемқорлық деңгейін дамыту .

Іс-шараның соңында қатысушылар өздерінің ойларымен бөлісті, жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттің ғана емес бүкіл қоғамның күресі. Сыбайлас жемқорлықты жою – басты шарты қазақ халқының тәуелсіздігі үшін іргелі құндылықтарды нығайту.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі