-A A +A

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

28 қарашада  Күршім аудандық Әділет басқармасының бас маманы Салтанат Тоқпаева және Күршім ауданының аға сот орындаушы Гульсун Сабигазинамен №3 Күршім гимназиясының 8 сынып оқушыларымен Тұңғыш Президент күніне арналған кездесу өтті.

Өткізілген іс-шараның мақсаты болашақ ұрпақты  патриоттық сезімге және Отан сүйгіштікке тәрбиелеу болды. 

Іс-шара кезінде бас маман Салтанат Тоқпаева Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірлік жолы,  Егеменді Қазақстанның дамуындағы және  құрылуы мен қалыптасуындағы Президенттің ролі жайлы айтты.

Іс-шара соңында  бас маман және аға сот орындаушы оқушылардың қойылған сұрақтарына жауаптар берді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі