-A A +A

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ел таңдаған – Елбасы» атты іс- шара өтті

29 қараша күні Бесқарағай аудандық Әділет басқармасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ел таңдаған – Елбасы» атты іс-шара өткізілді. Іс – шараға мүмкіндігі шектеулі балалар мен саз мектебінің оқушылары қатысты.

Іс-шара өткізудің мақсаты – балалардың патриотизімін және ұлттық санасын қалыптастыру.

Әділет басқармасының басшысы Гульмира Мирашева қатысушыларды  мерекемен құтықтап, Елбасының саясаты және идеясы туралы айтып, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері және оның әлемдік кеңістікте қазіргі уақытта орны қандай дәрежеде екені жөнінде айтып берді.

Іс – шара барысында қатысушыларға саз мектебінің оқушылары Маратова Фатима, Қайырғалиева Айгерім, Жұмаханов Әлішер мен Сұңғат өз өнерлерін көрсетті. Қатысушыларға әділет басқармасы атынан мерекелік силықтар табыс етілді.

Іс-шара соңында Бесқарағай аудандық мүгедектерге арнаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі орталығының тәрбиешілері өз тілектерін айтып, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы өткізілген мерекелік шараға алғыстарын білдірді.                                        

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі