-A A +A

«Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексін талқылау»

11 қаңтарда Өскемен қалалық әділет басқармасында «Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ бірлесіп «Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексін талқылау», «Заңды тұлғаның басшысын ауыстыруды тіркеу хабарламасы туралы», «Кәсіпорынды тарату туралы», «Қоныс ауыстыратын кәсіпорын туралы» атты тақырыптарда  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс- шараның мақсаты аталған тақырыптарды талқылау және мемлекеттік органдары  қызметкерлерімен жұмыс барысы бойынша тығыз қарым-қатынаста болу.

Отырыс барысында Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы  Асет Мукашев: «Жаңа Салық кодексінің» енуіне байланысты жұмыс барысында көптеген өзгерістер болғанын айтты. Мысалға тіркелімге мемлекеттік баж салығы алынбайды, сонымен қатар 563 баптың жойылғандығын, осы өзгерістер енуіне байланысты заңды тұлғалардың басшыларының ауысуы туралы хабарламасы әділет органдарына тіркеуге берілгендігін атап өтті.

Іс- шара соңында ай сайын осындай дөңгелек үстел өткізіліп тұру керек екендігі ұсынылды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі