-A A +A

Кездесу өткізілді

Шілде айының 10 күні Риддер қалалық әділет басқармасы Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін арттыру мақсатында «Фонограмма өндірушілердің  құқықтары»  атты тақырыпта «КомфортСтрой» ЖШС-нің қызметкерлерімен  кездесу өткізді.

       Іс-шараның басты мақсаты ҚР « Авторлық құқық және сабақтас құқық» заңдарымен танысу және Қазақстан Республикасында фонограмма жасаушылардың ерекше  құқықтары туралы басты сұрақтарды талқылау.

      Іс-шара барысында әділет басқармасының бас маманы Ольга Гаранина өзінің баяндамасында фонограмманы жасаушының құқығы ҚР-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына байланысты жүргізілетіні жөнінде сондай-ақ, фонограмма жасаушының және орындаушының келісімінсіз фонограммаларды коммерциялық мақсатта пайдаланған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігін атап өтті.

       Іс-шара соңында қатысушылар өздеріне керекті және қызықтырған сұрақтарына толық ақпарат алды және Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қаблеттілік индексі тұжырымдамалары таратылды.

 ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі