-A A +A

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заң жобасын талқылау

28 қыркүйек күні Семей қаласы әкімдігінің кіші залында  Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарымен кездесу өткізілді. Кездесуде әділет басқармасы, ішкі істер басқармасы, әкімшілік және қалалық соттың, жергілікті полиция қызметкерлері, кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

         Іс-шараны Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков ашып, депутаттар Василий Олейникты, Марат Абдиров және Нурлан Дулатбековты таныстырып өтті.

         Кездесу барысында Жанболат Самашев сөз сөйледі және өз баяндамасында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының өзгертулері мен толықтырулар туралы және әділет органдарына қатысты келесідей баптарды атап өтті: 694, 158, 460, 466, 672.

         Басқарма басшысының баяндамасындағы толықтыру енгізу туралы Семей қаласының әкімшілік сотының, қалалық соттың төрағалары, қала прокуроры және жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары ұсыныстарын қолдады.

         Қорытындылай келе депуттар мемлекеттік органдар басшыларының ұсыныстары мен ойларының маңыздылығын атап, сондай-ақ, бұл мәселелерді парламент өкілеттігінің шеңберінде қарастырылатына уәде берді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі