-A A +A

«Коммерциялық, банктік және басқа да заңмен қорғалатын құпия мәліметтерге қол жеткізу жағдайында сот орындаушыларының әділдігін қамтамасыз етудің проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

10 қазаныңда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментімен бірлесіп «Коммерциялық, банктік және басқа да заңмен қорғалатын құпия мәліметтерге қол жеткізу жағдайында сот орындаушыларының  әділдігін қамтамасыз етудің проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

         Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің, облыстық сотының, облыстық прокуратурасының, жеке сот орындаушыларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.

         Дөңгелек устелдің қорытындысында сот орындаушылардың жұмысында сыбайлас жемқорлық  қауіптерді жоюды, сот актілерін орындау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының бұзулуына жол берген мәселелер туралы және оларды шешу жолдары белсенді талқыланды.

        ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі