-A A +A

ҚР «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңын түсіндіру мақсатында Ақжал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді

Жарма  аудандық  әділет  басқармасының басшысы Темирлан Ахметовпен 6 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлық қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Жарма аудандық бөлімінің жедел тобымен бірлесіп  «Мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында, Ақжал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңының талаптарын сақтауы.

Кездесу өткізу барысында Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқытарды мемлекеттік тіркеу туралы ҚР заңнамаларына сәйкес мәселелер қарастырылды.

Әділет басқармасының басшысы Темирлан Ахметовпен мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі ережелері және оларды көрсетудің қағидалары түсіндірілді. Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі